avangard-pressa.ru

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні. - Экономика

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

3.Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері

1) Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің түрлері

1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

2)

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі. Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма: - жауапкершілігі шектеулі, - толық жауапкершіліктегі, - жауапкершілігі аралас серіктестік. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі. Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. - Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, - фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

3)Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:

- тәуекел

- белсенділік

- тәуелсіздік

- тапқырлық

- жауапкершілік

- белсенді түрде іздену

V. Жаңа сабақты бекіту.

«Сөз шектерін қос» ойыны

Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдарді табу.

Сол бағанада экономикалық терминдердің басы, ал оң жақта соңы берілген. Сөз шектерін қосып, олардың мағынасын түсіндір.

ЭКО КӘСІП ПАЙ КЕР САУ ПАНИЯ ЖАР КЕ МЕН ДА ӨНЕР ЛЯЦИЯ КОМ ЮТА ИНФ НАМА ВАЛ УАР ТА НУШЫ ТҰТЫ НЕС БИЗ ЛЕКЕТ КӘСІП ІС ӨНДІР НОМИКА БӘСЕ ПОЛИЯ МОНО ДА

V. Үй тапсырмасын беру.Кәсіпкерлік қызмет негіздері

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық Сынып: 11 Сабақ: 25 Күні:

Тақырыбы:Экономикалық дамудың негізгі принциптері

Сабақтың мақсаты:ҚР экономикасын дамытудың ерекшелігін түсіндіру, мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: ҚР экономикасынң даму кезеңдеріне тоқталып, жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық:Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік:Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, баяндау, презентация

Көрнекілігі:слайдтар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

3.Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері