avangard-pressa.ru

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 2. Саяси партияның даму кезеңдері - Экономика

1. Саясат өнер ретінде

2. Саяси партияның даму кезеңдері

3. Саяси партия қызметтері мен жіктелуі

1. Саясат өнер ретінде - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.

2. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға

бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

è аристократиялық үйірмелер;

è саяси клубтар;

è көпшілік партиялар.

Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.

3. Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

è а) маманданған;

è ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде жіктеу:

è жүмысшылар,

è шаруалар,

è буржуазиялық.

Саяси жүйедегі рөліне байланысты:

è парламенттік,

è сайлаулық,

è жетекші

è мақсаттық

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Саяси партиялардың қоғамдағы орны» тақырыбында дискуссия құру

V. Үй тапсырмасын беру: Саясат өнер ретінде

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық Сынып: 11 Сабақ: 19 Күні:

Тақырыбы:Саяси мәдениет

Сабақтың мақсаты: Саясат пен мәдениет арақатынасын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Саяси мәдениет ұғымы, жіктелуі уралы білім беру.

Дамытушылық:салыстырмалы анализ жасау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады.

Тәрбиелік:саналылыққа, байыптылыққа, әлеуметік әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме

Көрнекілігі:оқулық, тірек сызбалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Саясат өнер ретінде

2. Саяси партияның даму кезеңдері

3.Саяси партия қызметтері мен жіктелуі